"Үздік ҚМЖ-2024" байқауының ережесі
Тақырыбы: «ҮЗДІК ҚМЖ-2024» байқауы
Байқаудың мақсаты
-жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуі мен критериалды бағалау жүйесін түсініп қолдана білуі мен қажетті дағдыларды қалыптастыруын анықтау және тәжірибесін тарату.
-инновациялық технологияларды пайдалану, цифрлық білім беру ресурстары саласында ---педагогтардың кәсіби-шығармашылық жандандыру;
-педагогтардың кәсіптік шеберлігін арттыру.
Міндеттері:
- жаңартылған бағдарлама идеясы бойынша үздік сабақтарды анықтау;
- оқу мақсаттарына сай критериалды бағалау жүйесін қолдануын анықтау; - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану бағытында педагогтердің кәсіби шеберліктерін бағалау.
Байқау жоғары деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді.Қатысқан педагогтар кәсіби шеберлігімен ТED форматта сабақтарын қорғап шығу.
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
-Оқушылар нені білу керек?
-Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
-Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
-сабақтың тақырыбын анықтау;
-әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
-оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
-уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
-жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
-сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.