26
ноябрь
2025
Жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің заманауи тәсілдері
26 қараша 2025 жылы Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданындағы №6 орта мектеп базасында АӘТД оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі тақырыбы – «Жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің заманауи тәсілдері ».
Шараның мақсаты – жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуде тиімді әдістерді қарастырып, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті сабақ барысында қолдану тәжірибесін таныстыру және мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу.
Семинарға Алатау қаласы бойынша АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары қатысып, өзара әдістемелік тәжірибе алмасты.
Семинар барысында төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылды:
Қатысушыларды қарсы алу және тіркеу
Семинардың ашылуы
Психологиялық тренинг
Тәрбие бағытындағы сынып сағаттары:
«Елім деп соққан жүрек» (8 «В» сынып) Өткізген тарих пән мұғалімі Сейсенбаева Жазира Сериковна
«Мен-өз елімнің болашағымын!» (5 «А» сынып) Өткізген биология пән мұғалімі Жанарбек Айнұр.
Ашық сабақ: «Калашников автоматы және қол оқшашары» (10 «Ә» сынып) – өткізген АӘТД оқытушы-ұйымдастырушысы Бахытбек Өмірбек Бахытбекұлы
Концерттік бағдарлама
Қатысушылардың кері байланысы және қорытынды
Семинарға қатысқан мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді, жасанды интеллектті сабақта қолдану ерекшеліктерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірлер білдірілді.