24
октябрь
2025
«Дене тәрбиесі – рухани және дене дамудың негізі» тақырыбында
АӘжТД және дене шынықтыру пәндер бірлестігінің онкүндік қорытындысы
Мектебімізде «Дене тәрбиесі – рухани және дене дамудың негізі» тақырыбында АӘжТД және дене шынықтыру пәндер бірлестігінің онкүндігі жоғары деңгейде өткізілді. Онкүндік барысында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар мен ұстаздардың белсенділігін арттыру, ұжымдық бірлікті нығайту мақсатында әртүрлі спорттық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Онкүндік шеңберінде өткізілген іс-шаралар қатарында:
«Көңілді старттар» спорттық сайысы
Әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы дайындық жаттығулары;
«Шынықсаң – шымыр боласың!» атты сынып сағаттары;
Ұстаздар арасындағы эстафеталық жарыс, онда мұғалімдер өздерінің сергектігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Эстафеталық жарыс өте көңілді әрі тартысты өтті. Педагогтер командалық рух пен достық қарым-қатынастың үлгісін көрсетті. Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, ептілік, жылдамдық және төзімділік сындарынан сүрінбей өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Онкүндік жалпы ұжымның сергек өмір салтын ұстануына, әріптестер арасындағы ынтымақ пен достықты нығайтуға зор ықпал етті.
Осындай іс-шаралар арқылы ұстаздар мен оқушылардың спортқа қызығушылығы артып, мектептің дене тәрбиесі бағытындағы жұмысы жаңа деңгейге көтерілді.
Қорытындылай келе, «Дене тәрбиесі – рухани және дене дамудың негізі» тақырыбындағы онкүндік өз мақсатына жетіп, ұжым мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.